Алматыда қос мопед апатқа ұшырап адамдар қаза тапты
Алматыда бір түнде екі мопед жол апатына ұшырап, салдарынан 4 адамның өмірі қиылды.
Автор: Альбина Асхатқызы
25.07.2014
Оқыс оқиғаның бірі Сүйінбай даңғылының бойында болды. Түнгі үштер шамасында мопедке мінгескен екі жігіт пен бір бойжеткен бос көшеде жылдамдықты шамадан тыс асырған. Бұрылыстардың бірінде тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанаға барып соғылыпты. Соққының қатты болғаны сонша, мопед бөлшектеліп қалыпты. Ал жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде жан тапсырды. Ал екінші мопед жүргізушісі Рысқұлов даңғылында жеңіл көлікпен бетпе-бет соғысып, ажал құшты. Куәгерлердің айтуынша, бұл жерде де мопедтің иесі жылдамдығын тым арттырып жіберген. Қазір екі оқиғаның да анық-қанығы тексерілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!