Геннадий Головкин қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин чемпиондық атағын қорғап қалды. Америкадағы әйгілі “Медисон Сквер Гарден” аренасында австралиялық Дэниэль Гилмен қолғап түйістірген отандасымыз қарсыласын не бары үшінші раундта нокаутпен жеңді.
28.07.2014
WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннади Головкин 33 жастағы австралиялыққа еш мүмкіндік берген жоқ. Бірінші раундта қарсыласын барлаумен болған қазақстандық қалған уақытта Гилды ауыр соққының астына алды. 3-ші раундта Головкин қарсыласынан бір соққы жіберіп алды. Бірақ оң қолмен Дэниэль Гилды нокаутқа жіберді. Бұл Геннадий Головкинның кәсіпқой рингтағы 30-шы жеңісі. 2008-ші жылдан бері ол барлық қарсыластырын тек нокаутпен жеңіп келеді.
Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-ші туры өз мәресіне жетті. Бұл айналымда турнир кестесінде көш бастап тұрған “Ақтөбе” сырт алаңда павлодардың “Ертісімен” ұпай бөлісті. Ал чемпионның артын орай келе жатқан алматының “Қайраты” бұл жолы Семейдің “Спартагын” 4:1 есебімен ойсыратты.
Соңғы турда “Астанамен” тең ойнаған семейліктер бұл жолы тек бірінші таймда лайықты ойын көрсетті. Кездесудің не бары 6-шы минутында “Қайрат” алға шықты. Бұрыштамадан кейін Сергей Куцов автогол иесі атанды. Бірақ қонақтар көп ұзамай таразы басын теңестіріп кетті. Гол авторы Неманья Йованович. Екінші таймда алматылықтар шабуылда ширақ ойнап, керек нәтижеге қол жеткізді. Жерар Гоу дубль авторы атанса, Александр Кислицын қортынды есепті орнатты.
Таразда еркін күрестен мемлекет және қоғам қайреткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Украина, Италия, Нигерия және Ресей елінің мықты палуандары жиналған.
Барлық елден келген 48 палуан 7 салмақ бойынша белдесті. Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрағандықтан барлық кездесулер тартысқа толы болды. 57 келіде Сана Артас, 61 де Дәулет Ниязбеков, 70 те Нұрлан Ержанов, 74 келіде Ғалымжан Өсербаев жарыс жеңімпаз атанды. Өкінішке орай турнирдың басты фавориттерінің бірі Ақжүрек Таңатаров жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алған жоқ. Ал Аса ауыр салмақта тағы бір қазастандық палуан Дмитрий Попов шаппай бәйге алды. Оның қарсыласы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Грузиялық Давид Моджанашвили жарақатына байланысты кілемге шығудан бас тартты. Жалпы командалық есепте 6 алтын, 4 күміс және 8 қола еншілеген отандастарымыз топ жарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!