Қарағандыда студент қызды қағып өлтірген жүргізуші жазадан құтылды
Қарағандыда 20 жастағы студент қызды қағып өлтірген Валерий Гребнев кінәсіз деп танылды. Жылдамдықты асырып, тіпті оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушінің айыбы дәлелденбеді деген себеппен қылмыстық іс жабылған.
Автор: Саят Сабдалы
28.07.2014
Естеріңізге салсақ, өткен жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды медициналық университетінің студенті Жаңылсын Құттыбаева көліктің астында қалып мерт болған еді. Оны қаққан жүргізуші сол мезетте қашып кетіп, кейін қолға түскен. Бірақ тергеу кезінде куәгерлер бірауыздан студент қыздың бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін айтыпты. Оның үстіне марқұмның тұмшаланып алып, ән тыңдап бара жатқаны анықталған. Ақыр аяғы тергеу де, сот та кеңпейілдік жасап Валерий Гребневтің түк кінәсі жоқ деп тапты. Қыздың туысқандары да құн өндірген соң қудаламаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!