Ақтөбеде бедеу келіншек пен белсіз еркектер көбейген
Осылай деп дабыл қаққан дәрігерлер өңірдегі әрбір төртінші ерлі-зайыптының перзент сүйе алмай отырғанын айтады. Бұрын қыз-келіншектер жасанды жолмен түсік жасатып артынан опық жейтіні жиі айтылса, енді жиырмаға жетпей белсіздікке ұшыраған жігіттердің қарасы көбейген. Себебі, жұқпалы дертті болғандары ұялғаннан ауруын жасырып асқандырып алады екен.
Автор: Жаңалық Ахаш
28.07.2014
-Бала сүю бақытынан айрылғандардың көптігінен еліміз бойынша Ақтөбе облысы көш бастап тұр. Бұл өңірдгені ерлі зайыптылардың 20 пайызы бедеулік пен белсіздікке шалдыққан. Бұл қауіптің алдын алмасақ келешегіміз бұлыңғыр дейді дәрігерлер.
Еліміздің батыс өңіріндегі жалғыз жасанды ұрықтандыру орталығының өзінде жүзден астам жұп кезекте тұр. Соңғы екі жылда 20 отбасының сәби сүюіне көмектесіпті. Десе де, дәрігердің бедеулікке қатысты дигнозын естігенде көбі әулие-емшілерді жағалап кететін көрінеді.
Людмила Покотило, медицина ғылымдарының кандидаты:
-Шетелдік әріптестеріміз неге сіздерде әйелдер бала көтере алмай жүргендерін кеш айтады деп таңданады. Себебі Еуропаның өзінде жарты жылда жүкті болмаса дабыл қағады. Ал бізге науқастар балгерлерді аралап болған соң келеді. Сондықтан бұл мәселені тездетіп қолға алу керек. Ерлі-зайыптыларды бедеулікке байланысты тексеруге ары кеткенде бір айдай уақыт қана кетеді.
Қазір бедеу келіншектерге қарағанда белсіз еркектердің артып бара жатқанын айтады дәрігерлер. Әсіресе 25-ке толмаған жігіттердің жарамай жатқаны оларды алаңдатып отыр. Көбі жұқпалы дертке шалдығып, дер кезінде емделмеген.
Әлия Шаңғараева, Ақтөбе облысының бас генекологы:
-Ер адамдарда простатит сияқты жұқпалы дерттерден туған белсіздік көбейіп барады. Жыныс қабілетінің нашарлауы мен әлсіздігі де осыдан туып жатыр. Бедеулікке қатысты диагнозды көбі үкім секілді қабылдайды. Бірақ оны емдеп, құрсақ көтеруге әбден болады.
Әйелдерге қарағанда белсіздігін білгенде еркектер қатты күйзеліске түседі екен. Тіпті диагнозды естіген бойда өмірден баз кешіп кететіндері де бар. Сондықтан ауруы асқынғандар керісінше, дер кезінде дәрігерге қаралып, балалы болуға ұмтылу керек. Қандай сырқаттың болмасын сырын анықтап, құлан-таза айықтырып жіберуге болады дейді мамандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!