{metadescription}
0:000:00
Селден зардап шеккен Талғар жұрты әлі сусыз отыр

Селден зардап шеккен Талғар жұрты әлі сусыз отыр

Талғарлықтар селдің салдарынан әлі де зардап шегіп жатыр. Табиғат апаты болғалы 10 күннен асса да, аптап ыстықта ауыз сусыз қалған жарты ауданның жұрты ішерге су таппай жүр. Ал тіршілік нәрін таситын көліктер тұрғындарға оны жеткілікті көлемде тасып үлгере алмауда. Алматы облысындағы Маралсай шатқалында сел жүріп, балалардың демалыс орны мен бірнеше үйге, көліктерге нұқсан келген еді. Салдарынан тұрғындар судан да қағылған болатын. 

Табиғат апатының ауыр салдары Кеңдала ауылын да айналып өткен жоқ. Селден кейін олар да тіршілік нәрінен қағылып отыр. «Ал су таситын көліктер шеттегі ауылға көп келмейді» -дейді тұрғындар.

Ботагөз Несіпбаева, Кеңдала ауылының тұрғыны:

-Бір аптада бір-ақ рет келді. Он-ақ минут тұрады. Тіпті аяқ қолдарын жуып алады да жұмыс бітті деп кетіп қалады.Ішіп отырғанымыз мына арықтың суы.

Арықтың суына қарап қалған жұрт ауыл әкімдігіне талай мәрте барғанымен, еш нәтиже болмапты. Енді көлігі барлары суды алыстан тасып әкеп, жоқтары дүкеннен сатып алады екен.Шілденің шіліңгір ыстығында сусыз қалғандардың арасында көп балалы аналар да жетерлік. Мәселен, мына Нұрсұлу Көкеева 7 баланың анасы. Қырқынан әлі шықпаған нәрестесі де бар.

Нұрсұлу Көкеева, Кеңдала ауылының тұрғыны:

-Шомылдырайық десек, қиналып жатырмыз.5 күн болды су келмей жатыр. Оның өзінде жоғары жаққа келген. Айқайлап шақырып алғанбыз. Ол су бітті қазір.

- Енді қандай сумен жуындырып жатырсыз?

- Ешқандай су жоқ ана арықтағы сумен жуындыра алмаймын.

Жұрт тағатсыздана күткен су таситын көлік ауыл әкімдігінің алдында тұр екен.Ондағылар тілшілерді көргеннен кейін ғана іске кірісті. Ал ауыл әкімі ашынған жұртты сабырға шақырып әлек.

Болатхан Қадырсызов, Кеңдала ауылдық округінің әкімі:

-Қазір бір су тасымалдайтын компаниямен келісім-шартқа отырып келісейік деп отырмыз. Жаңа барып келдім соларға сөйлестім. Артынан келісім-шартқа отырамыз. Олар су келгенге дейін, ауылға су тасымалдайтын болады.

-Десе де, әкім жұртты сумен уақытша қамтамасыз ету мәселесін шешкенімен, тұрғындардың су құбырларынан қай уақытта бұрыңғыдай су жүретінін дөп басып айта алмады. Айтуынша, қазір арнайы коммиссия әлі де табиғаттың келтірген залалын есептеп жатыр екен. Одан кейін қаржы бөлініп, қайтадан қалпына келтіру жұмыстары басталмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде