{metadescription}
0:000:00
Астанада 7 сотық жер үшін талас  төбелеспен аяқтала жаздады

Астанада 7 сотық жер үшін талас төбелеспен аяқтала жаздады

Астанада сот орындаушылары саяжай иелерін жаппай үйлерінен қайта қуып жатыр. Бірақ бүгін заң өкілдері осындай үйлердің біріне бас сұғып, тегеурінді қарсылыққа тап болды. Алдын-ала дайындалған үй иесі қорғанысқа бүкіл  ағайын-туысын шақырған екен. Барлығы жабылып жүріп, сот орындаушыларын табалдырықтан да аттатқан жоқ.

Осылайша, сот орындаушысының арыны табалдырық алдында сап тиылды. Кезінде жер алып баспана тұрғызған шаңырақ осында 13 жылдан бері алаңсыз өмір сүріп келген. Енді аяқ-асты телімін мемлекеттік қажеттілік деген желеумен тартып алмақ. Яғни, Төлегеновтер тұратын үйдің орнына жаңадан салынған балабақшаның ауласы түсуі тиіс екен.

Ботагөз Төлегенова, үй иесі:

- Екі баламмен мен қазір қайда барам?Қайда барам? Соны кім түсініп жатыр?

Далада қалғалы тұрған отбасыны қолдап-қорғауға ағайын-туыстары да жиналыпты. Олар да сот орындаушыларын жерден алып жерге салды.

- Электрик болыңызшы, немесе  сантехник болыңыз.

-Жұмыс тауып берем сізге.

- Жұмысыңызды ауыстырыңыз

Тозаққа түсесіз ғой бекер

Астананың Алматы аудандық соты бұл жерге шешімді екі жыл бұрын  шығарыпты. Алайда, Төлегеновтер осы уақыт ішінде үйді не босатпаған, не мемлекеттік актіде саяжай ретінде тіркелген құжаттарды тұрғын үй санатына жатқызып, жасатпаған. Қала басшылары сондықтан бұл үйді саяжай ретінде бағалап, өтемақысына 5 млн 480 мың теңге ұсынған. Оны азсынған отбасы 13 млн теңге, не  2 бөлмелі пәтер сұрап отыр.

Алтынбек Сәрсенбаев, сот орындаушысы :

-Болат Төлегенов өтемақыны алған соң бүгін таңғы 10-ға дейін осы үйді босату керек еді. Бірақ ол есеп-шотына ақша аударылса да әлі қозғалмай отыр.

Алайда, сот орындаушысының сөзін үй иесі жоққа шығарып отыр.

- Шотты кім ашты?

- Бұл сұрақты маған қоймаңыз.

 - Ал ашылды делік, оған ақшаны кім аударыпты?

Жерді мемлекет меншігіне аламыз деп келген сот орындаушылары осындай айқай-шудан соң барып басылғандай болды. Әлдекімдермен телефон арқылы ұзақ сөйлесіп, үй иелеріне 7-ші тамызға дейін мұрсат берді. Астананың қақ ортасыдағы саяжай иелері өліспей беріспейтіні рас. Былтыр дәл осы саяжай маңындағы тұрғындардың бірі өтемақыға көңілі толмай, үйінен күштеп шығаруға келген  сот орындаушыларына шатырға шығып алып, өзін өзі өртеймін деп айран-асыр жасаған еді. Ал, Төлегеновтер отбасы  шатырға шықпаса да, жерден-ақ сес көрсетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде