Әйгілі велошабандоз Винченцо Нибали тарихи жеңіске қол жеткізді
Автор: Елдос Сапарғали
28.07.2014
Әйгілі супервелодода “Тур де Франс” Астана командасының өкілі Винченцо Нибалидың айқын жеңісімен аяқталды. Италиялық шабандоз “Тур де Франс”, “Вуэльта” және “Джиро де Италия” сынды даңқты үш турнирды жеңген алтыншы спортшы болып тарихқа енді.
Велоспорт әлеміндегі ең мәртебелі турнирдың аяқталуына бір кезең қалғанда отандық команданың лидері ешкімге жеткізбейтіні анық еді. Биылғы “Тур де Франс” әдеттегідей Париж орталығында мәресіне жетті. Барлық кезеңді қосқанда 86 сағат 37 минут және 52 секундпен Винченцо Нибали жеңімпаз атанды. Бұл “Астана” командасы үшін өте сәтті маусым. Әр кезең сайын өзінің басымдығын арттыра берген Нибали жалпы есепте жақын қарсыласы Жан Кристоф Перодан 7 минут 37 секунд озып, жеке дара көш бастады.
Винченцо Нибали “Астана” командасының шабандозы:
-Мен бұл жарысқа қыстан бері дайындық жүргіздім. Тамаша жеңіс бірінші кезекте командаластарымның арқасы. Әрине бапкерім мен жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Маған қолайлы жағдай жасаған “Астана” командасының ұжымын жеңіспен құттықтаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!