{metadescription}
0:000:00
Рамазан айымен қимай қоштасқан мұсылмандар Ораза айтты тойлап жатыр

Рамазан айымен қимай қоштасқан мұсылмандар Ораза айтты тойлап жатыр

Қасиетті аймен қимай қоштасқан жамағат! Бүгін жер бетіндегі күллі мұсылман 30 тәулікке созылған Рамазан айын аяқтап ұлық мерекелердің бірі Ораза айтты тойлауды бастады.  Таңсәріде еліміздегі барлық мешітте айт намазы оқылды. Содан кейін ұлттық ойындар ойнатылып, мерекені тойлау  басталып кетті.

Бүгінгі күннің әлемдегі исі мұсылман қауымы үшін маңызы ерекше. Сондықтан таңмен таласа оянғандар Алла үйіне асығып келеді. Еліміздегі ең үлкен мешіттен де орын бұйырмағандары, төпелеп жауған жаңбырға қарамай сыртта тұрып құлшылық етті.Мешіт іші де, жамағатқа лық толған. Ал айт намазы оқылып болған соң мұсылмандар мейрамды тойлауды бастап кетті.

Шолпан Қайыржанқызы, Астана қаласының тұрғыны:

-Пітір-садақамызды бердік. Бала- шаға қыздарым ұлдарыммен.  Барша халыққа тілейтінім бақыт. Ораза қабыл болсын. Отанымызға тыныштық берсін.Әр отбасына амандық тілеймін.

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті ораза айтты нағыз мерекеге айналдырды. Киіз үй тігіп дастархан жайған. Оған бас сұққан тұрғындар мен қала қонақтары дәмнен ауыз тиіп жатыр.

Әсембек Оразбаев, Астана қаласының тұрғыны:

-Қазақша, мұсылманша өтуіне мен үлкен қуаныштымын. Жайылған ақ дастархан бұдан да кең болсын. Тату тәті күндерде келешек ұрпаққа , осындай ғибратты істерді үйрете берейік.

Діни мейрамды мұсылманның ғұрпына сай ұлықтау қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты. Білекті жігіттер қол күрестіріп, қара күшіне сенгендері гір көтеруден өзара мықтыны анықтаса, үлкен мен кішілер арқан тартысты. Алдағы үш күнде қайырымды іс жасау міндет. Ұлық мерекеде әрбір мұсылман бір-бірінің үйіне айтшылап,қонаққа барады. Жақындарының қателігіне кешіріммен қарап,  араздасқандар татуласуы қажет.

Ербол Әбдуахитұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінң найб-имамы

-Төс қағыстырып бір-бірімен амандасып, сыйласып сөздері жарасса Пайғамбардың сүннетін орындаған болып шығады. Неліктен? Себебі Пайғамбарымыз 3 күннен артық араздасқан адам ол менің үмметімнен емес дейді. Сол үшін біз бұл айтты тиімді пайдалануымыз керек.

Пайдаланғандары қас-қарайғанша дейін Алла үйіне ағылуда. Пітір садақаларын беріп, әруақтарға құран бағыштатып жатыр.

-Таңда жауған жаңбыр түс ауа тағы төкті. Мұны Алланың нұрына балап жатқандар көп. Ал отыз күн ауыз бекіткен жамағат қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасып жатыр. Енді 3 күнге созылатын Ораза айтта да,  жасайтын игі амалдарыңызға сауап молынан жазылғай. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде