{metadescription}
0:000:00
Зарина Дияс ширек финалға жолдама алды

Зарина Дияс ширек финалға жолдама алды

Қазақстандық тенисші Зарина Дияс АҚШ-тағы WTA санатындағы ірі турнирдың 1/8 кезеңіне шықты. Вашингтода өтіп жатқан байрақты бәсекенің бірінші айналымында отандасымыз турнир қожайыны Алиса Блэк Торнадомен кездескен болатын.

16 жастағы америкалық спортшы Заринаға тек бірінші сетте қарсылық көрсете алды. Бірақ екінші партияда қазақстандық тенисші Торнадоға еш мүмкіндік берген жоқ. Қортынды есеп 6:4, 6:0. Бұл жеңістен кейін Зарина жаңартылған рейтингте әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Келесі кезеңде Зарина Дияс жапониялық тенисші Нара Курумимен кездеседі. Ол өз кезегінде тағы бір америкалық Мэдисон Кизды жарыс жолынан шығарған болатын.

 

Алматыда волейболдан әйелдер арасында әлемдік Гран-При мәресіне жетті. Өкінішке орай үш кездесудің екеуінде жеңілген Қазақстан құрамасы бұл жолы керек нәтижеге қол жеткізе алған жоқ.

Бірінші матчта Австралия құрамасын 3:0 есебімен жеңген Александр Гутор шәкірттері қалған қарсыластарына тісі батпады. Хорватия құрамасына қарсы кездесуде тек үшінші сетті өз пайдасына шешкен қазақстандық волейболшы қыздар шешуші матчта да өрескел қателіктер жіберді. Нәтижесінде отандастарымыз Чехия құрамасына да лайықты қарсылық көрсете алған жоқ. Мұндағы есеп те 3:1. Естеріңізге сала кетсек Алматы волейболдан әйелдер арасындағы әлемдік Гран-Приды осымен үшінші мәрте қабылдап отыр. Енді бұл бәсекенің екінші кезеңі тамыздың 1 мен 3 аралығында Чехияда өтеді.

 

Ертең Футболдан чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында “Ақтөбе” өз алаңында Румынияның “Стяуа” клубын қабылдайды.

Екінші іріктеу раундында Грузияның “Динамосын” тас талқан еткен Владимир Газзаев тәлімгерлерін алда жаңа сынақ күтіп тұр. Қарсылас осал емес. “Ақтөбемен” салыстырғанда тәжірибесі де бюджеті де анағұрлым жоғары. Қазір футболшылар маңызды матч алдында дайындықтарын пысықтап жатыр. Бұл жұпта қонақтар айқын фаворит екендігі даусыз. Тек Румыниялық клуб сапында қос қорғаушы Флорин Гардуш пен Фернанду Варела денсаулығына байланысты алаңға шығу шықпасы белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.