{metadescription}
0:000:00
Семейлік қыз Голливудты бағындырды

Семейлік қыз Голливудты бағындырды

Голливудты бағындырған балдырған. 14 жасар семейлік өнерпаз Ванесса Безродная АҚШ-та өткен әлемдік байқауда топ жарды.

42 мемлекеттен келгендердің басын қосқан байқау Лос-Анжелес қаласында өтті. 16 жасқа дейінгі өнерпаздардың арасында отандасымыз поп және рок бағыты бойынша сынға түскен. Қазылар алқасы семейлік өреннің өнеріне тәнті болып, бас жүлдені тапсырыпты. Ванесса үшін бұл халықаралық деңгейдегі бірінші байқау емес. Бұған дейін ол «Новая волнаның» ақтық сынына дейін жеткен. Алайда бұл жолғы жеңістің әнші үшін орны ерекше. Бас жүлдеге қол жеткізген Ванессаға қазірдің өзінде танымал продюссерлерден бірнеше ұсыныс түскен.

Ванесса Безродная:

-Маған байқаудан кейін көптеген дыбыс жазу студияларынан ұсыныс түсті. Бірі әлемге танымал Майкл Джексон, Джастин Бибер сынды әншілермен істеген «Рекордс» компаниясы. Әзірге шешім қабылдаған жоқпын. Алда тағы бірнеше байқау бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде