Петропавлда адам қағып өлтірген жігітті әкесі өз қолымен полицияға тапсырды
Петропавлда мотоциклмен 74 жастағы зейнеткерді қағып,оқиға орнынан қашып кеткен жігітті әкесі өз қолымен полицияға алып барды. Күдіктіні ұстауға, сонымен қатар, осы оқиғаны көліктегі бейнетіркеуішке түсіріп алған жүргізушінің де көмегі тиген.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
29.07.2014
Оны тіпті жарақат алған қарияға көмек көрсеткен екен. Бірақ зейнеткер ауруханада көз жұмды. Камераның арқасында күдіктінің аты-жөні сол күні-ақ анықталды. Алайда бой тасалаған жігітті табу оңайға соқпады. Тәртіп сақшылары ата- анасына қолқа салғаннан кейін ғана, араға 10 күн салып, әкесі қылмыс жасаған баласын тәртіп сақшыларына өзі әкеліп тапсырған. Кейін ол ұлының орман ішіне апарып тыққан мотоциклін де полицейлердің қолына берді.
Мадияр Харіпов, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
- Мотоцикл жүргізушісі табылып, оны әкімшілік полиция басқармасына шақырып, хаттама алып, сұрастыру жұмысының барысында өзінің жол оқиғасына қатысты екенін дәлелдеп, қорыққаннан тастап кеткені жайлы хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!