Ақтөбе облысында зауытта болған жарылысқа жұмысшылар кінәлі болуы мүмкін
Ақтөбе облысындағы мұнай өңдеу зауытында болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары зауыт жұмысшылары қауіпсіздік ережелерін сақтамаған деп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
29.07.2014
Оқиға болған күні зауыттағылар резервуарды тазаламақ болған. Электрлі сорғышпен іске кіріскен кезде оның сымынан от шыққан. Газға толып тұрған құты сол бойда жарылып, жалыннан 4 жұмысшы жарақат алды. Айта кетелік, денесінің жартысы күйіп қалған Еркінбек Хайруллин бір апта бұрын ауруханада есін жия алмаған күйі қайтыс болды. Қазір оқиғағы кінәлілерді анықтау мақсатында тергеушілер қосымша сараптама тағайындаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!