Астананың бас еңбек инспекторы сотталды
Құрылыс алаңындағы оқыс жағдайды жабу үшін пара алған шенеунік темір торға тоғытылды! Астананың бас еңбек инспекторы Қанат Медетбеков 3 жылға сотталып, оның дүние-мүлкі тәркіленді.
Автор: Ербол Сейілхан
29.07.2014
Сотталушы Елорданың өлім көбейген құрылыс алаңдарындағы оқыс оқиғалардың тергелуіне емес, солардың ың-шыңсыз жабылуына мүдделі болып келген сияқты. Сондай құрылыстағы жұмысшылардың бірі ауыр жарақат алғанда, оны жасырып жабу үшін Медетбеков жеке компанияның өкілінен 150 мың теңге пара сұрапты. Былтыр қаңтарда сол ақшаны алуға келгенде шенеунік қаржы полициясының қолына түсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!