{metadescription}
0:000:00
Астанада менингитке шалдыққан балалардың саны артуда

Астанада менингитке шалдыққан балалардың саны артуда

Бүгінге дейін 160 науқас аурухана төсегіне таңылған деп ақпарат таратты Тұтынушылардың құқын қорғау департаменті. 

Қауіпті дертке шалдыққандардың дені балалар. Алайда СЭС жұқпалы аурудың неден тарап жатқанын  анықтай алмай жатыр. Ал қауіпті инфекцияны жұқтырған  жеткіншектердің басы ауырып, ұйқы қысып қол-аяғы қалшылдайды екен. Қазір мамандар фонтандар, су қоймасы мен Есіл өзенінің суынан қайта-қайта сынама алуда. Өйткені, аурухана төсегіне таңылмас бұрын ұл-қыздың көбі суға шомылған. Дәрігерлер болса, қолды жиі жуып, субұрқақпен өзенге түспеуге кеңес береді. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің шенділері менингит өршіп барады деген мәліметке әлі де аң-таң. Індет белең алды дегенді жоққа шығарған олар науқастар санының артуын жылдағы құбылыс деп өздеріне шаң жуытар емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде