Екібастұзда бармақтай бұршақ жауып бірнеше нысанға нұқсан келтірді
Екібастұзда да бұршақ араласқан жаңбыр бірнеше нысанға нұқсан келтірді. Мұндай жағдай қала аумағындағы ауылдарды да айналып өтпеген.
Автор: Рымбек Қабиден
29.07.2014
Төпелеп құйған жауын бірер сағаттың ішінде лай көшкініне ұласа жаздады. Ал жауған бұршақтың үлкендігі бармақтай. Көшені бойлап көлкіген су әп-сәтте жер үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысандардың ішіне дейін алып кеткен. Жаңбыр араласқан дауыл талдар мен бағаналарды құлатып, жеңіл көліктің төбесін майыстырып жіберді. Кей жерде найзағай түсіп, нөсер жаңбырдан күре жолдар опырылған.
Жанаргүл Әубәкірова, Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы:
-Нөсер жауын салдарынан Екібастұз қаласындағы 10 шақты нысан, сондай-ақ, ауыл аумақтарындағы бірнеше тұрғын үйдің ішін су алып кетті. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, мұндай ауа райы Павлодар өңірінде 2-3 күндей сақталады. Тұрғындарды көліктерін ашық жерге қойып, қауіпті нысандардан алшақ жүрулерін сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары