Спорт жаңалықтары
Санаулы сағаттардан кейін “Ақтөбе” Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раунды аясында Румынияның “Стяуа” клубын қабылдайды. Қонақтар еурокубоктың топтық кезеңіне шығып жүрген тәжірибелі команда. Десе де “Ақтөбе” өз алаңында лайықты ойын көрсетеріне сенім мол.
30.07.2014
Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманн Мадридтық «Атлетико» клубына қоныс аударды. Бұған дейін «Реал-Сосьедад» сапында өнер көрсеткен 23 жастағы ойыншы жаңа командасымен 6 жылдық келісім шартқа қол қойды.
Өткен маусымда француз Испания чемпионатында 50 кездесу өткізіп, 20 гол соққан. Сондай-ақ Гризман 4-рет нәтижелі пас шығарған болатын. Бразилиядағы әлем чемпионатында ол Франциямен бірге ширек финалға дейін жетті. Қазірде футболшы медециналық тексерістен өтіп, алғашқы жаттығуға араласуға дайын. Антуан Гризманның трансфер құны 30 миллион еуроға бағаланған.
Бельгия құрамасының шабуылшысы Дивок Ориджи енді ресми түрде «Ливерпуль» ойыншысы. Бірақ футболшы келісім шарқа байланысты «Лилль» сапында биылғы маусымды аяқтайды.
2010 шы жылдан бері Франциялық клубта доп тепкен футболшыға «Ливерпуль» 10 миллион фунт стерлинг төлепті. 19 жастағы шабуылшыға «Атлетико», «Арсенал» және «Тоттенхэм» қызығушылық білдірген болатын. Ал Дивок Ориджи «Лилль» құрамында бүгін чемпиондар лигасы аясында «Грессхопперске» қарсы алаңға шығады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!