{metadescription}
0:000:00
Алматыда тентек балаларды тәрбиелеудің ерекше жолы қолға алынды

Алматыда тентек балаларды тәрбиелеудің ерекше жолы қолға алынды

Алматы облысында жеткіншектер арасында тіркелетін қылмыс саны өршіп тұр. Тек  соңғы 6 айдың өзінде сотқарлар тізімі 20 пайызға артқан. Сондықтан құзырлы орындар адасқан балаларды теріс жолдан мейлінше қатал әдіспен болса да қайтаруға мәжбүр. Соның бірі - тіркеуде тұрған жеткіншектерді түрлі қылмыстық процестерге қатысуға міндеттеу. Бүгін сондай бір іс 30 баланың қатысуымен Іле аудандық сотында өтті.

Бұл – жиналған топ Іле ауданы полициясының ерекше бақылауына алынға балалар. Яғни, жастайынан ұры, сотқар, қанғыбас атанған. Жалпы саны 30 бала. Соның бірі – 13 жастағы Кириллға «ұялы телефонды қолды етті» деген айып тағылған. 

Кирилл Годин:

- Мен оны білген жоқпын. Алайын деп алмаған едім. Жерде жатқан соң, тауып алған едім. Сөйтсем, ол ұрланған телефон екен ғой. Оны менен көрді.

Әдетте құзырлы мекемеге бұл балалар жеке-жеке шақыртылатын. Бірақ бүгін барлығы осында. Себебі мұнда жастайынан «қылмыскер» атанған әккі ұрының біріне қатысты процесс өтуде. Бір қызығы, осымен 5-ші мәрте сотталып жатқан 38 жастағы Борис Қарабевтың тек көршілеріне тиесілі затты алуға әуестігі бар екен. Сұғанақ балта, шәугім сияқты ұсақ-түйекті қолды қылуға машықтаныпты.   Десе де баланың теріс жолда жүруі тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі сотқа сотқарлардың ата-анасын да қатысуға міндеттеліпті.  

Қуаныш Мырзахан, прокурор:

-Шараның бір тиімділігі – отырысқа балалардың өздерін ғана емес, сондай-ақ олардың мұғалімдерін, ата-аналарын шақырамыз. Өйткені кәмілеттік жасқа толмаған балалардың сөзін тыңдайтыны ата-анасы, сосын оқытушылары.

Іле ауданы бойынша, бүгінде 86 бала тіркелсе, соның тең жартысы берекесіз отбасыдан шыққандар. Сөйтіп, дала кезіп, ұрлық жасауға әдеттенген. Баласын бақылаусыз жіберген 30 ата-ананың қазір ісі сотта жатыр. Егер түзелмесе, әке-шеше құқынан көбі айырылуым мүмкін. 

Қарлығаш Тауыпалдиева, Кәмілет жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор:

-Балалар көбіне өз қателіктерін түсініп, түзелгісі келеді.Бірақ үлкендердің кесірінен қайтадан бұзылады. Әсіресе, ата-анасы маскүнем болса. Мәселен, жарты жылғы санақта осы себептен Алматы облысында жеткіншектер арасындағы қылмыс 20 пайызға артып отыр. 

Отырыстың мағынасын шын түсінді ме, жоқ па, әйтеуір соттан шыққан әр бала осылай «түзелемін» деген ниетін білдіруде.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде