{metadescription}
0:000:00
Гитлер туралы мақала басылған «Аңыз адам» журналы түгел тәркіленіп жатыр

Гитлер туралы мақала басылған «Аңыз адам» журналы түгел тәркіленіп жатыр

«Аңыз адам» журналының Адольф Гитлерге арналған сәуір айындағы саны дүңгіршектерден түгел тәркіленеді. Алматының әкімшілік соты осындай шешім шығарып, редактор Жарылқап Қалыбайға 27 мың 780 теңге айыппұл салды. 

Бұдан бөлек редакция ұжымы да 130 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс. Өйткені журналдың мазмұнына екінші қайтара жүргізілген сараптаманың қорытындысына сәйкес, Гитлер жайындағы екі мақаладан «Экстремизмді ақтау» белгілері табылған. «Аңыз адам» журналын алдымен ардагерлер сотқа берген еді. Судья өткен айда олардың талап арызын қанағаттандырып бас редакторға 13 миллион теңге айыппұл салған. Және оны жұрт алдында кешірім сұрауға міндеттеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде