{metadescription}
0:000:00
Мас күйінде рөлге отырған атақты әнші  көлік жүргізу құқынан айырылды

Мас күйінде рөлге отырған атақты әнші көлік жүргізу құқынан айырылды

Мас күйде көлік айдап басы дауға қалған «Дауыс International» тобының бұрынғы әншісі Жадыра Құтпанова 3 жылға көлік жүргізу құқынан айырылды. Алматының ауданаралық әкімшілік соты бүгін осындай шешім шығарды. Алайда ішімдік ішіп, жол ережесін өрескел бұзған әншінің өзі сотқа келген жоқ.

- Оңбаған. Алла жазаңды берсін.

Мас күйде көлік жүргізген әнші қыз өткен аптада ұсталғанда, жол сақшыларына осылай доқ көрсеткен еді. Ал өзін «Kesh you» тобының әншісімін деп таныстырды. Тіпті ашуға бой алдырған әнші ішкі істер бөліміне барудан бас тартып, полицейлердің бірінің шалбарын жыртып, бірінің қолын тістеп алған. Жадыра Құтпанова енді үш жыл «темір тұлпар» тізгініне отыра алмайтын болды. Бұдан бөлек, әнші тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткені үшін тағы да жауапқа тартылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде