Тайландта демалған отандастарымыз ауру жұқтырып қайтты
Елімізге қауіпті кесел келді. «Денге» деп аталатын қатерлі вирусты Таиландта демалған отандастарымыз жұқтырып қайтқан. Әзірге олардың саны бесеу. Бірақ алдағы уақытта тағы көбеюі ғажап емес. Өйткені Таиландта тынығып жатқан жерлестеріміз жүздеп саналады.
Автор: Гүлнұр Имандосова
30.07.2014
«Денге» қызбасы көбіне маса шағудан болады. Таиландқа барған туристердің өздері қауіпті вирус жұқтырғандарын мүлдем білмеген. Ал мамандар оңтүстік-шығыс Азияны жаппай сұлатып жатқан ауруды өте қауіпті деп отыр. Адамның дене қызулары көтеріліп, бастары айналады. Артынша, буындары қақсап, бүгілмей қалады. «Денге» вирусы бүгінде әлемнің 125 елінде тіркеліп отыр. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының өзі жер бетінде бұл індеттен ешқандай екпенің әлі табылмағанын айтып жатыр. Сондықтан, дәрігерлер тропикалық ауруды жұқтырып келмес үшін әрбір туристке аса сақ болуды ескертуде. Ал қауіпті қызбадан қалай қорғану туралы кеңес беруді туристік компанияларға міндеттемек.
Жандарбек Бекшин, Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы:
–Былтыр Таиландта «Денге» вирусы он мыңға жеткен еді. Биыл одан асып түсіп жатыр. Ауру тек масадан жұғады. Сондықтан, өзге елге барарда масадан қорғанатын жақпамайларды алып жүру керек. Ал, Таиландтан ауру жұқтырып келген азаматтарды қатаң дәрігерлік бақылауда ұстап отырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!