{metadescription}
0:000:00
Мұнай министрі жүргізушілерді сабасына түсірді

Мұнай министрі жүргізушілерді сабасына түсірді

Тамыздан бастап бензин қымбаттайды деп ұлардай шулаған жүргізушілерді Мұнай министрі сабасына түсірді. Бүгін Ұзақбай Қарабалин қыркүйекке дейін жанармай мен дизель отынының қазіргі бағамен қалатынын айтты. Бірақ ұзақ уақыт құнды ұстап тұру қиын екенін мойындап отыр.

Сондықтан қыркүйектен соң не болатыны белгісіз. Үкімет осы уақытқа дейін бір айдың ғана бағасын белгілеп, барынша ұстап келеді. Осыған тоқмейілсіген министр Қарабалин еліміздегі жанармай бағасы Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан тіпті бірқатар Еуропа мемлекеттерінен әлдеқайда арзан деп мақтанды. Қазір жүргізушілер ең көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензин 115 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ, Қарабалин Ресейге салынып жатқан санкция мұнай экспортына әсер етпейді дейді. Өйткені Ресей аумағындағы құбырлармен «қара алтын» Батысқа тасымалданып жатыр. Ал басталмай жатып тұралап қалған Қашағаннан мұнай өндіру 2016-шы жылға тағы шегерілді. Теңіз астындағы 200 шақырымға созылатын тесік құбырды ауыстыру біраз уақыт алып жатыр. Сонымен қатар енді ірі кен орнын жаңа бас оператор игермек. Оған дейінгісі жобаны тым қымбатқа бағалаған. Қашаған тұралап қалса да, мердігер компания жыл сайын бюджетке 120 миллион доллар аударып отыруға міндетіліпті. Сөйтіп бюджет шығынын  жауып жатыр екен. Ал кен орны толық қуатына көшкен кезде, пайда екі жаққа тең бөлінбек.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Мұнай және газ министрі:

-Бірақ біздің инвесторлармен бөлісетін пайдамыз аздау болады. Ол кезде Қазақстанға тиетін пайданың  көлемі 20 процент болады да, инвестордікі 80 пайыз болады. Ал инвестицияны қайырғаннан кейін жаңағы бөлісу өзгереді. Онда Үкіметке 80 процент болады да, ал инвесторларға  20 пайызы тиесілі болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде