{metadescription}
0:000:00
Ресми Астана Ресейге салынып жатқан санкцияға алаңдаушылық білдірді

Ресми Астана Ресейге салынып жатқан санкцияға алаңдаушылық білдірді

Астана Украинадағы жағдайға байланысты Батыс пен Ресейдің арасындағы шиеленіске өз ресми ұстанымын білдірмек. Оның қандай болатыны бүгін Ақордада келісілді.

Еңбек демалысынан шыққан Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордаға премьер-министр Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин мен көмекшісі Ербол Орынбаевты жинап соңғы 7 айдағы елдің әлеуметтік экономикалық даму көрсеткішін сөз етті. Осы жерде Елбасы Украинадағы қақтығыстың Қазақстан экономикасына әсер ететінін және жағдайдың өте қиын екенін жасырған жоқ. Экономикасы Ресеймен біте қайнасқан Қазақстанды, ең жақын одақтас мемлекетке салынып жатқан санкция алаңдатып отыр. Сондықтан әлемдегі ахуалды ескерген мемлекет басшысы жақын арада премьерге Үкіметті толық құрамда жинауды  тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Үкіметтің кеңейтілген отырысында қандай мәселелерді талқылап қандай мәселелерді шешетін боламыз әңгіме осы жөнінде. Екінші мәселе мынау Ресеймен Батыстың арасында болып жатқан жағдай. Қазақстанның позициясы осы арада қандай болатынын қарауымыз керек.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде