Қоғам қайраткері Тұрғанбек Қатаевтың туғанына 95 жыл
Қоғам қайраткері, ағартушы Тұрғанбек Қатаевтің туғанына биыл 95 жыл. Кеңес одағы тұсында Білім министрі болған тау тұлғаны бүгін шәкірттері, көзін көрген замандастары еске алды.
Автор: Елгүл Нұғман
12.09.2014
Тұрғанбек Қатаев 1919 жылы Алматы облысының Іле ауданында туған. Жастайынан соғысқа қатысып, ауыр жарақат алды. Сөйтіп, Қызыл Ту ордені мен Бірінші деңгейлі «Ұлы Отан Соғысы» орденін иеленген. Кейін түрлі саяси қызметтер атқарған ол 1974 жылы Қазақ КСР-і Жоғары және арнаулы орта білім беру министрі болып тағайындалды. Өзінің саналы ғұмырын білім саласын дамытуға арнап, 85 жасында бақилық болған тұлғаның атында қазір Алматыда көше бар.
Нәрібаев, экономика ғылымының докторы:
– Бұл кісі ұлт мамандарын дайындауға жақсы көңіл бөлетін. Жыл сайын 3-4 мыңдай қазақ балалары орталық оқу орындарын бітіріп келіп қызмет істейтін.Институт бітіргеннен кейін олардың ауылына баруы, қызметке орналасуын қадағалап отыратын. Бұл оның көрегендігі, кемеңгерлігі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!