{metadescription}
0:000:00
Жауғаштыдағы әйелдер түрмесінде ашық есік күні өтті

Жауғаштыдағы әйелдер түрмесінде ашық есік күні өтті

Алматы облысындағы ЛА 155/4 түзету мекемесі «келем деушілерге» бүгін есігін айқара ашты. Жауғаштыдағы әйелдер түрмесінің басшылығы , осылайша, «Ана күні» мерекесіне орай сотталған аналарға бостандықтағы баласын құшып, мауқын басуға мүмкіндік берді. Әрі концерт ұйымдастырылды.

Гүлмира Қымсыбаева, жазасын өтеуші:

-Менің балаларым келген жоқ. Келіп тұратын, бірақ бұл жолы келген жоқ.

Мұнда сотталған әйелдердің балаларымен бірге күйеулері де келуі керек болған. Бірақ жылына бір рет қана өткізілетін «ашық есік» күніне көбінің туыстары келмей қалды. Мыңға жуық әйел жазасын өтеп жатқан мекеме үлкен концерт дайындаған. Мың бұратыла би билеп, махаббат жайлы әндер де шырқады. Қазір мұнда 18 жастан 82 жасқа дейінгі қыз-келіншектер мен әжелер бар. Көбі кісі өлтіріп, үй тонағандар. Арасында түрмеден шығып кейін қайтып келгендері де жетерлік. Келесі «ашық есік күні» алдағы көктем айына жоспарланыпты. Сағыныштан әбден сарғайған аналар сол кезде де қызықты концерт қоймақшы.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.