Семейде шөп тиеген көлік тура қала ортасында жанып кетті
Семейде қос тіркемесіне шөп толтырған КАМАЗ өртеніп, жұртты әбігерге түсірді. Жүк көлігі көше ортасымен жүріп келе жатқанда жанып кеткен.
Автор: Олжас Сайлаубекұлы
12.09.2014
Аяқ асты тұтанған өрт әп-сәтте Камаздың қос тіркемесін алып кетіп, көліктің жүргізушісі сыртқа шығып үлгеріпті. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар отпен 4 сағаттай арпалысты. Қайта, жалын жақын маңдағы жер үйлерге жетпей ауыздықталған. Жанармай багының жарылуына да жол берілмеді. Алайда машинадағы мал азығының түгі қалмай, күлге айналды. Қазір өртке не себеп болғаны анықталуда. Болжам бойынша, шөпке лық толған тіркеме электр сымдарын жанап өткенде от шықса керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!