{metadescription}
0:000:00
Астанада өртенген үй көршілерді өзара қырқыстырып қойды

Астанада өртенген үй көршілерді өзара қырқыстырып қойды

Түн жарымында шыққан өртке тұрғындардың бірі ішімдікке құмар көршісін айыптаса, екіншілері кеш келген «101» қызметінен көреді. От адамдар шырт ұйқыда жатқанда тұтаныпты. Тұрғындар бәрін тастап далаға тұра қашқан. Енді бала-шағасымен баспанасыз, қаңғып қалды.

Енді бұл бөлмеде түк жоқ. Тұрғындар жиып-тергенінен бір күнде айырылды. Баспаналарының төбесі ортасына түсіп, құжаттарын да алып үлгермеген. Қызыл жалын бір емес, 5 үйді шарпыпты. Далада қалғандар қазір туыстарын жағалауға мәжбүр.

-  Қыс қыр астында. Кім бізге көмектеседі? Далада тұрамыз ба?

Тұрғындар  өрттің осынша өршуіне өрт сөндірушілер айыптап жатыр. Егер дер кезінде, су толған көлікпен келсе, мұндай болмас еді дейді.

Нұрлан Байдалин, зардап шегуші:

- 4 машина келді, Біреуінде ғана су болған. Қалғанында су жоқ.

–  Өрт болғанда сен қайда болдың?

- Жұмыста болдым.

 - Түнгі сағат екіде жұмыста болдың ба?

Ал, енді бір тұрғындар ауыздары арақтан құрғамайтын көршілерін айыптады. Өйткені, өрт дәл осы үйден басталған екен. Үй иелері түнімен монша жағып, сауық-сайран құрған. Тіпті, соңында электр сымдарының үстіне темекі тұқылын тастапты. 

Әлмира Орақбаева, зардап шегуші:

- Бір сағат от жанған. Бір сағат, бұлар өрт сөндірушілерді шақырмаған. Біз ояндық 3 жарым кезінде, тек балон жанғанда.  1 сағаттың ішінде екі-үш бөлмесі жанып кеткен.

Қаңғып қалған ондаған отбасы енді қайда барарларын білмейді. Бар үміті шенеуніктерде. Олар болса әуелі өтемақының көлемі есептелуі керектігін айтады.

Самат Тапатаев, Сарыарқа ауданы әкімдігінің  бас инспекторы:

- Өрт сөндіруішілерден әуелі анықтама алу керек. Оны

Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама басқармасына тапсырады.  Өтемақы мәселесін шешу үшін. Ал пәтерге қатысты кезекке тұру керек.

Осылайша, қала әкімдігінің зардап шеккендерге бөліп бере қоятын үйі жоқтығын ашық айтып отыр. Ал, тұрғындар енді бар құжаттарын қолына алып, мыңдаған жұртпен бірге кезекке тұруларына тура келеді. Алайда, ол пәтердің кезегі қашан келері белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.