Ақтөбедеоблыстың бас еңбек инспекторы сотталды
Пара алды деп айыпталған Марат Ғабдуллин енді 8 жыл өмірін түрмеде өткізеді. Еңбек инспекциясының бұрынғы басшысымен бірге қарамағындағы қызметкері Мықтыбай Жәмиев те парақор деп танылды. Дегенмен ол бастығынан бір жыл бұрын ерте босап шығады. Судья оны жеті жылға бас бостандығынан айырды.
Автор: Жаңалық Ахаш
12.09.2014
Марат Ғабидуллин қоластындағы қызметкермен бірге «Ақтөбемұнайгаз» компаниясының қызметкерінен үш мың доллар пара алып, жылу электр орталығы басшыларынан екі мың доллар бопсалаған. Кәсіпорындағы жұмысшы өлімін осылай жылы жауып қоюға келісіпті. Десе де сот отырысы кезінде шенеуніктердің екеуі де кінәларын мойындамады. Ақтөбе жұрты Марат Ғабдулиннен гөрі, оның баласын жақсы таниды. Айыпталушының ұлы Асқар қала әкімінің орынбасары, «Нұр Отанның» облыстағы басшылық қыметін атқарған. Әкесінің ісінен соң қызметінен өз еркімен кеткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!