Сенатор болғысы келетіндердің саны белгілі болды
Сенатор болғысы келетіндерің нақты саны белгілі болды. Парламенттің Жоғары палатадағы 16 орынға 53 адам таласпақ. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы тіркеу қорытындысын жариялады.
Автор: Жәудір Оразхан
12.09.2014
Үміткерлердің арасында не бары 2 әйел бар. Сондай-ақ, Сенаттың қазіргі 4 депутаты ғана қайта сайлауға түсуге өтініш беріпті. Ал, қалғандары аймақтар ұсынған агроном, инжинер, экономист пен оқытушы сынды түрлі мамандық иелері. Үміткерлер бүгіннен бастап сайлау алды насихат жұмыстарына кірісе алады. Ол үшін 136 миллион, яғни әр азаматқа 395 мың теңгеден бөлінген. 1-ші қазанда өтетін сайлауға сенаторларды халық атынан тек Мәслихат депутаттары таңдайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!