{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе облысының әкімі қазақ пен қытай жұмысшыларының жалақысы туралы айтты

Ақтөбе облысының әкімі қазақ пен қытай жұмысшыларының жалақысы туралы айтты

Архимед Мұхамбетов Ақтөбе облысында қытай қаптап барады деген сауалға жауап берді. Облыс әкімінің сендіруінше, бұрынғыдай емес Қытайдан келетін жұмысшылардың саны әжептәуір қысқарған. Тіпті мұнай кен орындарында олардың саны шектен тыс көбейіп кетпеуін жеке өзі бақылауда ұстап отыр екен.

Архимед Мұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі:

азір «Ақтөбемұнайгаз» компаниясында 7 мың адам жұмыс істейді. Оның 6-7 пайызы Қытайдан келген жұмысшылар. Барлығы квота арқылы келіп жатыр. Заңды түрде.  Жұмысшы болсын бұрғылаушы болсын инженер болсын.  Жалақылары барлығында  бірдей.

Бүгін Астанаға есеп беруге келген Архимед Мұхамбетов президент сынаған «Нұр-Ақтөбе» қалашығына қатысты да түсініктеме берді. Жақында Ақтөбеге барған сапарында Нұрсұлтан Назарбаев, бұл «сити емес, ауыл сияқты» деп жаңадан салынып жатқан құрылысқа көңілі толмап еді. Елбасы сынынан соң күллі елге аты шыққан тұрғын-үй кешеннің сыртқы келбеті дереу өзгертіліп жатыр екен. Ақтөбе облысының әкімі «Нұр-Ақтөбе» тұз қоры көп жерге салынғандықтан Қарағандыдағы «Бесобаның» күйін кешеді деген әңгімені жоққа шығарды. Құрылыстың сапасына кепілдік беріп отыр. Алайда 2 ай бұрын мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып біткен үйлердің бір бөлігі жаңбырға шыдамай, ондаған пәтерді су алып кеткен болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде