Төбелесқұмар ақтөбелік жанкүйерлер енді шетелге шыға алмайды
Ақтөбеде футбол жанкүйерлерінің қара тізімі жасалады. Енді ойын кезінде делебесі қозып, жұртқа жұдырық ала жүгіретіндер шетелге шықпайтын болады.
Автор: Жаңалық Ахаш
18.09.2014
Қазір еліміз бойынша ақтөбелік фанаттар төбелестен алдарына жан салмай тұр. Жақында Еуропа лигасы аясындағы ойыннан кейін польшалық жанкүйерлермен төбелесіп, стадион жанындағы орындықтарды қиратып, тіпті шағын дәмхананы көтеріп кеткен еді. Осы оқиғадан соң прокурорлар шатақ шығаратындарды тәубесіне келтіретін әдіс ойластырыпты. Фанаттардың қара тізімі Еуропа мен ТМД-ның біраз елінде бар. Оған іліккендерге сүйікті командасының шетелдегі ойындарын тамашалауға тыйым салынады.Ақтөбелік прокурорлар да осылайша жергілікті жанкүйерлерді тезге салмақ ниетте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!