Семей тұрғыны жұмбақ жағдайда мерт болды
Семейде 57 жастағы қала тұрғыны жұмбақ жағдайда мерт болды. Қарияның мәйіті өз үйінен табылған.
Автор: Олжас Сайлаубекұлы
18.09.2014
Бірнеше апта бойы пәтерінен шықпай қойған азаматты алдымен көршілері іздеп дабыл қаққан екен. Есікті ішінен құлыптап, із-түзсіз кеткен соң құтқарушыларға хабар беріпті. Пәтер төртінші қабатта орналасқандықтан, мамандар жоғарғы жақтан балконға түсуге мәжбүр болды. Үй иесінің жан тапсырғанына біраз уақыт өтіп кетсе керек. Мәйіті бұзыла бастаған. Көзге ілінер жарақаты болмаған соң, мамандар оның денсаулығы сыр берді деген болжам айтуда. Дегенмен өлімнің нақты себебін енді тергеушілер анықтайтын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!