Францияда жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты
Францияның оңтүстігін су басты. Салдарынан 5 адам мерт болып, тағы екеуі із-түссіз жоғалған. Бұған кешеден бері тоқтамай жауған жаңбыр себеп болды.
Автор: Олжас Байжан
18.09.2014
Табиғат апатынан ең көп зардап шеккен жер – Ламалю ле Бен қаласы. Бұл шаһарда үш адам көз жұмды. Ірі демалыс орнын су шайып кеткен. Дурду өзенінің үстінен өтіп бара жатқан тағы бір адамды қатты су ағыны алып кетті. Оның денесін құтқарушылар бірнеше шақырым жерден тауып алған. Қазіргі уақытта апат салдарын жоюға 400-ден астам құтқарушы және жандармерия түгел тартылған. Олар үйлерінен шыға алмай қалған жүздеген адамға жету амалын қарастыруда. Ал синоптиктер қуанышты хабар айта қоймады. Олардың болжамы бойынша, жаңбыр апта соңына дейін жалғасуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!