Шотландия Ұлыбританиядан бөлініп шыға ма?
Бүгін әлем назары Шотландияға ауды. Мұнда тарихи референдум өтіп жатыр. 300 жылдан астам Ұлыбритания біріккен корольдігінің құрамында болып келе жатқан жұрт тәуелсіз болу немесе болмауға қатысты шешім қабылдайды.
Автор: Олжас Байжан
18.09.2014
Қазіргі уақытқа дейін таңдау жасауға жұрттың 80 пайызы келіпті. Яғни 5 миллионнан аса адамның 4 жарым миллионы бүгін өз болашағын айқындауға атсалысқан. Ал билік дауыс беретіндерге қатысты талапты өзгертіпті. Мәселен енді Шотландияның 16 жасқа толған кез-келген тұрғыны өз қалауын жасай алады. Егер де жұрттың басым бөлігі тәуелсіздікті таңдаса Біріккен Корольдік өз аумағының үштен бірін және мұнай кеніштерін жоғалтады. Бұл Ұлыбритания экономикасына кесірін тигізбек. Референдум қорытындысы ертең жария етіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!