Қарағанды облысында жылқыға жаппай жұт тиіп жатыр
Бұқар жырау ауданына қарасты Ақтөбе ауылында 40-қа жуық қамбар ата тұқымы қатерлі лимфангит дертіне шалдыққан.
Автор: Саят Сабдалы
18.09.2014
Лимфангит немесе Африкалық сап дертіне шалдыққан жылқылардың денесіне жара қаптап, іріңі судай аққасын ақыры мал болмайды екен. Жаман кеселдің қайдан келгенін ешкім де дөп басып айта алмай отыр. Ауру белгілері өткен күзде білінгенімен жылқыда кеңінен кездесетін «сақау» дерті шығар деп тұрғындар мен мал дәрігерлері өздері емдеп көріпті. Бірақ көктемдегі зертханалық тексерулерден кейін аурудың нақты аты аталып ауылда сәуірден бастап карантин жарияланған. Бірақ бұл жағдай көпшілікке енді мәлім болып отыр. Ал жергілікті тұрғындар жылқыны ұстау мен союды былай қойып, ала жаздай бие байлаудан да қалған. Мамандар қазір ауылдағы қора-қопсыны тегіс залалсыздандырдық дейді. Қолдағы жылқы тегіс сыртқа шығарылып, дерт анықталғандарының көзі жойылып, иелеріне өтемақы төленіп жатыр.
Боранбек Сұлтанов, мал дәрігері:
-Басқа бізде амал жоқ. Біз тек бұл аурудың амалы, белгі берсе оқшаулап содан кейін өлтіреміз. Бітті. Басқа оған қарсы вакцинаны ешкім ойлап тапқан жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!