Өскеменде бүтін ауыл жарықсыз отыр
Өскеменнің іргесіндегі ауыл электр жарығына жарымай отыр. Осыдан төрт жыл бұрын жер телімін сатып алып, үй тұрғызғандар су мен жарық тартамыз деген басшылардың сөзіне алданып келдік дейді. Ал шенеуніктер болса бұған жауап ретінде хат жазумен ғана шектеліпті.
Автор: Әсем Қайратбек
29.09.2014
Бұл ауылда тұрмыстық техниканың игілігін көре алмай отырған Романовтар әулеті ғана емес. Теледидар, копьютер, кір жауғыш машина, қала берді қарапайым тоңазытқышты да қоса алмай отыр. Үй салу үшін жер алып, осында төрт-бес жыл бұрын қоныстанған 100-ге тарта отбасы жарықтың жоғынан осылайша май шамға күндері қарап қалған.
Әшкөн Райысова, Ахмер аулының тұрғыны;
-Телевизор да жоқ, интернет те жоқ. Мына заманда бұны қайдан көрдіңіз? Ол біздің жас кезімізде болған , бәрі жақсы тұрады ғой қазір, біздің де жақсы тұрғымыз келеді.
Шенеуніктер болса бұйымтайын айтқан бұқараға түрлі сылтау айтып, сан түрлі жауап жазады екен. Біреуінде ақша бөлінді деп жазылса, енді бір хатта жаздың соңында жарық болады деген уәде берген. Алайда құр сөзге тойған тұрғындар шыдамдары шегіне жеткенін айтуда.
Сайранбек Романов, Ахмер ауылының тұрғыны:
-Маңайымыздағы екі үш көршіміз көшіп кетті осы қуаттың жоқтығынан. Балаларына жағдай жасай алмады. Бұл маңайдағы тірлік ерте ғасырдағы тірлікпен бірдей болып кетті деп ойлаймын.
-Ауылдың ортасында орналасқан мына шағын трансформатор жекенің қолында. Тұрғындар бұл қондырғыдан электр қуатын алу үшін қалтамыз көтермейді дейді. Себебі, трансформатордың иесі қосу үшін әр шаңырақтан 150 мың теңге сұрайды екен.
Ал шенеуніктердің мәселені біртіндеп шешеміз дегеннен басқа айтар уәжі болмады.
Амантай Бақытбек, Меновное ауылдық аймағы әкімінің міндетін атқарушы:
-Қазір қала бюджетінен 800 млн теңге осы Ахмер ауылына бөлінді. Қазір жолдың арғы жақ бетін істеп жатырмыз. Этап этаппен істеп жатырмыз. Сол жақ біткен соң мына кісілерге де жарық береміз.
Бұл күндегі көрініс. Қас қарая, мектептен қайтқан балалар күнде осылай сығырайған шамның жарығымен сабақ қарап отырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!