{metadescription}
0:000:00
Шымкентте полицей жоғалтқан қару табылды

Шымкентте полицей жоғалтқан қару табылды

Қолды болған қару табылды! Өткен жұмада шымкенттік бір полицейдің тапа-тал түсте қызметтік қаруы ұрланып, масқара болғаны айтылған еді. Енді сол жоғалған Калашников автоматы қаладағы дәмхананың бірінен табылып отыр. 

Ермек Әйтімов, Абай ауданы прокурорының орынбасары:

- Жоғалған қарудың барлығы түгел табылды. Қазір салғырттық қылмысы бойынша, 316 баппен іс қозғалды. Және қару ұрлау дерегі бойынша, 255 баппен қозғалды.

Куәгерлердің айтуынша, қаруды кафеге бір жас жігіт әкеп тастапты. Оның шапшаңдығы сонша, тіпті кафе қызметкерлерінің бірде-бірі де ол жігіттің түрін аңғармай қалыпты. Биік қоршаудан да оның қалай секіргені білгісіз. Қазір полицейлер ұрыны іздестіріп жатыр. Ал қызметтік қаруына ие бола алмаған сержант қызметінен шеттетілген. Әріптестеріне берген түсініктемесінде полицей ұрлықтың түскі ас кезінде болғанын айтыпты. Оқшантайында 30 оғы бар автоматын ол сыртта тұрған көлігінің ішіне қалдырып кеткен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде