Ауа-райының қолайсыздығы диқандарды мол шығынға батырды
Ауа-райының қолайсыздығы биыл астық көлемін азайтуы мүмкін. Соның салдарынан биыл елімізде жиналатын астық көлемі 17 миллион тоннаға әзер жетейін деп тұр.
Автор: Гүлнұр Имандосова
29.09.2014
Кейбір аймақтарда жаңбыр толассыз жауып егін жинауға кедергісін келтірсе, ал солтүстік, батыс өңірлерде қуаңшылықтан егіннің жартысына жуығы күйіп кетті. Жаз бойы тамшы тамбай, мыңдаған гектар аумаққа егілген бидай тіпті мал азығына да жарамай қалған. Енді шаруалар сақтандыру компаниялары арқылы шығындарын қайтарып алуға үміттеніп отыр. Осылайша, қамбаның тағы да астыққа толмайтын түрі бар. Өйткені Ауыл шаруашылығы министрлігі қазірдің өзінде небәрі 12 млн. тонна астық жиналды деп мәлімдеді. Оның жартысы экспортқа шығуы мүмкін екен. Айта өтейік, еліміз астық жинаудан рекордық көрсеткішке 2011 жылы қол жеткізген болатын. Сол жылы 26 миллион тонна астық жиналса, биыл шенеуніктер 17 миллионды әрең жинамақ.
Сақташ Хасенов, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
- Осы 2 күннің ішінде Қостанай облысында жаңбырдан еш жұмыс істей алмай отырды комбайндар. Ақмола облысында да сол. Ал Солтүстік Қазақстан 2-3 аудан ғана тоқтап тұрды, қалғандары жұмыс істеді. Қазір айту қиын. Кімде астық қалады, кімде қалмайды, біріншіден сол ауа-райына байланысты ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!