{metadescription}
0:000:00
Мүсілім Өміраев пара делінген ақшаны әкесінің жылын өткізу үшін қарызға алған

Мүсілім Өміраев пара делінген ақшаны әкесінің жылын өткізу үшін қарызға алған

Бүгін Мүсілім Өміраев кәсіпкерден қомақты қаржыны қандай жолмен алғанын баяндап берді. Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасарының айтуынша, оған кәсіпкер 7 миллион теңге мен 100 мың  долларды  қарызға  берген екен.  

Мүсілім Өміраев, Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары:

-Әкемнің жылын өткізу үшін Антимоновтан 50 мың доллар сұрадым. Өйткені оның табысты кәсіпкер екенін жақсы білетінмін. Туысым әрі досым  ретінде ол да бірден келісіп, еш қарсылықсыз көмектесетінін айтты. Бірнеше күннен кейін 7 жарым емес, 7 млн.теңге бере аламын деп хабарласты. Сөйтіп, ақшаны Ермалаевтан  беріп жіберді. 

Өміраев былтыр желтоқсанда өз пәтерінде 100 мың доллар пара алып жатқан жерінде ұсталған еді. Шенеуніктің айтуынша, бұл қаржыны да қолы ашық досы және ірі кәсіпкер «банктегі несиеңнен құтыл»  деп қарызға берген екен. Бұған дейінгі сот отырысында  қаржы полициясы Өміраевтың  баспанасына кіріп келгенде бұрынғы шенеунік дәл осы 100 мың долларды  пакетке орап, терезеден лақтырып жіберген деген дерек айтылған еді. Ол ақша сыртта күзетіп тұрған жедел топ  мүшесінінің аяғының үстіне түсіпті. Жалпы,экс-вице-министр аусыл дертіне қарсы егілетін дәрілерді сатып алуға қатысты өтетін мемлекеттік тендрде жеңіске жетуіңе көмектесемін деп алматылық кәсіпкерден алдымен 7 млн.теңге, кейін 100 мың доллар пара алды деп айыпталып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.