{metadescription}
0:000:00
СҚО-ғы Большой Изюм ауылы жылусыз қалды

СҚО-ғы Большой Изюм ауылы жылусыз қалды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Большой Изюм ауылының тұрғындары ақыры жылусыз қалды. Бұл елді мекендегі үйлер 30 жылға жуық  жергілікті астық қоймасына қарасты орталықтандырылған қазандықтан жылу алып келген. Биыл ондағылар жылу беруді тоқтатамыз депті. Бірақ кейіннен кәсіпорын басшылары тұрғындармен келісім-шартқа отырған.  Осыған сенген жұрт үйлеріне пеш қоймаған. Ал жазда кесілген құбырлар әлі шашылып жатыр. Жылу болмаса, су да кешікпей тоқтатылады. Ал ауыл жұрты солтүстіктің қаһарлы қысынан қалай шығамыз деп алаңдаулы. 

Күздің қара суығынан бүрсең қаққан тұрғындар үйіміз де ұлып тұр дейді. «Жылу берілмейді» дегенді алғаш естігенде өре түрегелген жұрт тиісті орындардың барлығына шағым жөнелткен. Онысы нәтижесіз де болмапты. Ширек ғасыр бойы ауылды жылу және сумен қамтамасыз етіп келген астық қоймасы тамыздың соңғы күндері тұрғындармен қайта келісім-шарт жасасқан. Сөйтіп, бағаны да көтерген.  

Владимир Каменко, Большой Изюм ауылының тұрғыны

- Аудан, облыс әкімдері бізде бәрі жақсы, жылу маусымына дайынбыз деп жоғарыға ақпар береді. Сөйтіп, бізді мазақ қылады. Қандай жағдайда отырғанымызды келіп көрсе ғой. Қарапайым халықты неге алдайды? Бізбен несіне келісім-шартқа отырды?

Келісім-шартқа сенген тұрғындар күн суыта келе алаңдай бастаған. Өйткені құбырлар сол күйі жалғанбай жатыр. Егер жылу берілмесе, жылу құбырымен қатар тартылған су құбырлары қатты суықта қатып қалады.

 

Бақыт Нұрышева, Большой Изюм ауылының тұрғыны:

- Жылу болмаса, су да болмайды. Бәлен жылдан бері қарай 92-96 күйіп тұрған уақытта болғанда мінекей, 21-ші век құдайға шүкір. Котел алынған жоқ қой, сеніп отырмыз ғой до последнего.

Большой Изюмда негізінен осы астық сақтау кәсіпорнының бұрынғы жұмысшылары мен зейнеткерлер тұрады. Арасында мүгедектер де бар. Қос жанарынан айырылған мына жалғызілікті қария да осы кәсіпорында көп жыл бойы істеген.

Тұрғындар кәсіпорын басшыларының неліктен келісім-шартқа отырып, жұртты алдағанын түсінбейді. Өмірі от жағып көрмеген олардың көбінде пеш те жоқ. Бірақ тұрғындарды жұбату үшін пеші жоқ үйлерге 3 тоннадан көмір әкеп тастапты. Бір қызығы, жағдайды біле тұра шенеуніктер де қамсыз отыр.

Николай Трифонов, Тайынша аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Иә, келісім-шарт жасалды. Тұрғындар мен кәсіпорын өздері келісті. Енді тағы да «Астық туралы»заңға жауып, жалтарып отыр. Аудан әкімдігі де біледі. Бірақ бізге нақты жауап бермей отыр. Сондықтан мен де жылу болады деп айта алмаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.