{metadescription}
0:000:00
Тұрғындар термомодернизация бағдарламасына қатысуға қарсы

Тұрғындар термомодернизация бағдарламасына қатысуға қарсы

Петропавлда бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары  термомодернизация бағдарламасына қатысуға қарсы. Олар жөндеу жұмыстарына деп есептелген қаржыны тым көп деп отыр. Наразы жұрттың айтуынша, пәтер иелері кооперативінің басшысы оларды қарсылығына қарамастан аталған бағдарламаға кіргізіп жіберген. Енді тұрғындар бар ашуын сол төрайымнан алуға бекініп жүр. 

Тұрғындар пәтер иелері кооперативінің төрайымын осылай қуып жүріп ұстай алмайды екен. Тілшілермен де тілдескісі келмеген ол ашынған жұртты көріп, тұра қашты.

«Әлия сервис» пәтер иелері кооперативіне осы ауладағы көпқабатты бес үй кіреді. Солардың төртеуінің тұрғындары модернизация бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыны несие ретінде төлеуге қарсы. Өйткені жөндеуге деп тәуелсіз сарапшылар мен әкімдік есептеген соманың айырмашылығы жер мен көктей болып шыққан.   

Амангелді Рысқұлов, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Олар сметаны көрсетті, он миллионнан асып тұр. Бір үйге только он миллион. Ал бізге миллион с чем то деп  подрядчиктер айтты. – Сонда тоғыз миллионды қайда жібермекші? – Білмеймін қайда жіберетінін,  қалталарына салатын шығар?

Тұрғындардың жартысынан көбі модернизацияға қарсы болса да, пәтер иелері коперативінің төрайымы бұған пысқырып та қарамаған. Әкімдікпен келісім-шарт жасасып, қара күзде жертөледегі құбырларды кестіріп тастапты. Енді ауладағы 4 үйдің тұрғынадары суықтан дірдек қағып отыр. Осыдан кейін жұрт төрайымды орнынан алуға да әрекет жасапты.  

Зайра Оспанова, Петропавл қаласының тұрғыны

- Басқа болсын дейміз біз, сайладық уже Ахметов деген жас жігітті. –Бұрынғы председатель не дейді? – Кетпейді, документтерін бермейді,  кілтті бермейді. Шығарамыз деп собрание жасап, осылай шақырып, нетіп жатырмыз, бірақ болмайды.

Әкімдік тұрғындар мен кооператив басшысы арасындағы жанжалдан хабардар екен. Алайда төрайым шенеуніктерге модернизацияға қажетті құжаттарды тап- тұйнақтай қылып әкеп берген.

Сәкен Өтебаев, Петропавл қалалық тұрғынүй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

- Төрайым жиналыстардың хаттамасын әкелді. Онда халықтың жартысынан көбі бағдарламаға кіреміз деп келісімін берген. Сондықтан біз ақша бөліп, құрылыс жұмыстарын бастап кеттік. Ал шу шығарып жүргендер ақша төлегісі келмеген азғантай топ қана.

Шенеунік айтқан сол азғантай топ әр пәтерге шақталған 100-150 мың теңге несиені тым көп деп есептейді. Өйткені оны төлеуге жағдайлары жетпейді екен. Оның үстіне осы қарсы боп отырғандардың көбі зейнеткерлер. Алайда шенеуніктер төлемесе оларды сотқа береміз дейді. Өйткені үш үйде қызу жұмыс басталып кеткен. Жұмысшылар шатырды алмастырып, жертөлені жөндеп жатыр.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.