Қостанай облысында орақ науқаны тоқтап тұр
Қостанай облысында орақ науқаны тоқтап тұр. Бұған бірінші кезекте қолайсыз ауа-райы себеп. Өңірде тура егін жиналатын кезеңде жауын толастар емес. Ал себілген астықтың әлі жартысына жуығы шабылмаған. Ауа райын болжаушылардың да көңіл көншітерліктей жаңалығы жоқ. Айтуларынша, диқандардың басына үйірілген қара бұлт қоюлана түспесе, сейілуі әлі екіталай.
Автор: АрунаОртай
01.10.2014
Жаңбырдың осылай толастамай тұрғанына екінші апта. Ал бұл уақытта орақ науқаны қызып жатуы тиіс болатын. Білдей бір шаруашылықты басқарған Амангелді Қалиевтің шыдамы таусылған. Бүкіл техникасы тәулік бойы тоқтап тұр.
Амангелді Қалиев, шаруа қожалығының директоры
- Жұмыс жоқ, отырмыз. Өйткені ылғалдылық 23-24-ке дейін барып жатыр. Таңертең ылғалдылықты көріп едік, 23 процент болғаннан кейін біз екі күнге тоқтап тұрмыз. Тек қана сұрайтынымыз, жел болса екен. Күн ашық болса...
Жауын біресе астықтың пісуіне кедергі келтірсе, енді, міне, өсіп тұрған дәнді шашпай-төкпей теріп алуға бөгет жасауда. Бұлттың қашан көшерін, тіпті, ауа-райын болжаушылар да білмей отыр. Айтуларынша, әне-міне күн көзінің шығуы екіталай.
Ирина Жиляева, «Қазгидромет» РМК Қостанай филиалының инженер-синоптигі :
- Жауын әлі де жауады. Бұл апта шаруаларға қиынға соғайын деп тұр. Күннің қашан шығары белгісіз. Астықты жинап алуға күте тұрудан басқа амал жоқ.
Жауын-шашынмен арпалысып өңірде әрең дегенде астықтың 70 пайызы ғана жиылыпты. Қауызда қалғаны әлі қаншама. Әдеттегідей шапқылаған сыңай танытқан шенеуніктер тағы қосымша техниканы жұмысқа жегеміз деп отыр. Тек олар да батпаққа батып, шаруалар секілді жұмыссыз босқа тұр.
СәлімжанЕсенаманов, Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Ауа-райы әбден әбігерге салды. Алқапқа жақындауға мүмкіндік жоқ. Қолайлы күн райын күтіп отырмыз.
Қабағы қатулы диқандар бұлттың кетуін тағы бір тәулік күтпек. Одан кейін ылғал болса да бидайды элеваторға жеткізіп алмақшы. Ал ол қосымша шыған. Яғни су астықты тағы тонналап жанармай жағып кептіру қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!