Б. Рысқалиевтің ісіне қатысты сот процесі аяқталуға жақындап келеді
Ал Атырауда облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ісіне қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Екі апталық үзілістен соң бүгін мемлекеттік айыптаушылар жарыссөзге кірісті. Дегенмен, 777 томнан тұратын қылмыстық істі олар бірнеше күн бойы оқуы ықтимал.
Автор: Жанар Низамутдинова
01.10.2014
Естеріңізге салсақ, Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарына қатысты сот процесі биыл қаңтарда басталған болатын. Экс-шенеунікке сыбайластарымен қосылып, қазынаның 71 млрд теңгесін талан-таражға салды деген айып тағылып отыр. Атышулы әкімнің 22 сыбайласы қазір сот алдында жауап беріп жатқанын да айта кетейік. Ал Бергей мен оның туған інісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Аманжан Рысқали бастаған 14 адамға халықаралық іздеу жарияланған. Бүгінге дейін олардан еш хабар жоқ.
Райхан Әйтенова, адвокат
- Мынау қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша қазір барлық сот-тергеу кезеңдерінің барлығы аяқталды. Сот жарыссөзге көшті. Бүгіннен бастап, 1 қазаннан бастап прокурордың жарыссөзі басталды.Енді бұл бір 10-15 күн болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!