{metadescription}
0:000:00
Мәжіліс  «Еуразиялық экономикалық одақ» келісімін мақұлдады

Мәжіліс «Еуразиялық экономикалық одақ» келісімін мақұлдады

Бүгін Мәжіліс - «Еуразиялық экономикалық одақ» келісімін мақұлдады. Үш елге ортақ экономикалық одақ құру туралы келісімге биыл мамыр айында Астанада Қазақстан, Ресей мен Беларусь президенттері қол қойған еді.

Депутаттардың ұзақ ойланып, көп созбауының себебі бар. Өйткені, екі айдан кейін бұл одақ толық жұмысын бастауы тиіс. Оның аясындағы үш мемлекеттің тауары еркін айналысқа түседі және қызмет көрсету саласы да  ортақ болмақ. Құжаттың бұдан да өзге талаптарына мәжілісмендердің басым бөлігі еш қарсылық білдірмеді. Тек бірен-сараны ғана Ресейдің алпауыт компаниялары отандық кәсіпкерлерді түтіп жіберуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіргені болмаса. Азат Перуашевтың айтуынша, көршілеріміз Қазақстанда жасалған өнімді өз нарығына кіргізбеудің түрлі амалдарын әлден ойластырып жатқан көрінеді. Мәселен, Ресей қазірден Кеден одағына мүше мемлекеттер жеңіл өнеркәсіп өнімдерін, яғни азық-түлік, тұрмыстық тауралардың әр данасына бірдей, құны 20 теңге тұратын таңба басуы тиіс деген талап қойып отырған көрінеді.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

-  Өзіңіз ойлаңызшы, бір тауардың саны деген ол –  бір  алма, бір дәптер немесе бір нәски болсын. Әрбір тауарға 20 теңге қосса, не болады? Бұл деген қымбаттау, бұл деген біздің тұтынушыларымыздың мүддесіне қайшылық деп айтуға болады. Және де бұл салық. Ол Үкіметтің пайдасына емес, жеке меншіктің пайдасына түседі. Бұл тауар айналымына кедергі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.