{metadescription}
0:000:00
Көкшетауда тұрғындар әкімдік салған  жаңа үйді  мал қораға теңеді

Көкшетауда тұрғындар әкімдік салған жаңа үйді мал қораға теңеді

Көкшетауда жарты жыл бұрын жаңа пәтердің кілтін алған жас отбасылар наразылық білдірді. «Үйіміздің маңайынан аяқ алып жүре алмайтын жағдайға жеттік» дейді олар. Себебі, қоқыс жиналмайды. Оның үстіне ауланы асфальттау жұмысы тоқтап қалғандықтан, кесек тастар үйілген күйі жатыр. Тұрғындар арнайы бағдарламамен жалға берілген үйдің ақысын төлеу үшін талмай еңбектенгенімен, одан еш пайда көрмей жүргенін айтады. 

Мемлекеттің жастарды қолдап, шаңырақ көтерісімен осындай жаңа баспанаға алуға мүмкіндік бергеніне көкшетаулықтар шексіз қуанған. Бірақ осы үйден пәтер алғалы бері алаңдаумен келеді. Қолдарында әлі күнге дейін құжат та жоқ. Сондықтан бұларға коммуналдық қызметтер жоламайды. Ауланы абаттандыру жұмысы да жарты жолда қалған. 

Гүлім Жетенова, Көкшетау қаласының тұрғыны :

-Ауланы көріп тұрсыздар. Жаңа үй деп кім айтады? Бүгінге дейін балансқа қойылмаған екен. Коммуналдық қызметтің бәріне бардық. Олар қызмет көрсеткісі жоқ.

Мария Фрейлих, Көкшетау қаласының тұрғыны :

-Жаңа үйде, әдемі өмір сүргіміз келеді. Неге біздің балаларымыз шошқа қора сияқты жерде ойнауға тиіс?Ақысын төлейік. Асфальтты аяқтап, маңайды жинасын. Өзіміз таң атқаннан кешке дейін жұмыстамыз.

Жаңа үйдің жертөлесі жарты жылда адам көргісіз жағдайға жеткен. Сыз тартқан қабырғалары көгеріп, иісі төменгі қабаттарды да алып кетіпті. Бәрінен бұрын ашық жатқан құдықтар балаларға қауіп төндіруде. Жастар осындай жағдайларға алаңдаулы. Ал коммуналдық қызмет басшылары бұл жерге заңгерін жіберіпті. Ол да бұлардың баланыста жоқ екенін бетіне басты.  

Асылхан Мейірманов, « МЖД Сервис» коммуналдық кәсіпорынының заңгері:

Өйткені сіздер үйдің заңды иесі емессіздер. Заң бойынша.

Неге сіз бізге заң соғып тұрсыз?

Енді солай ғой.Енді маған не дейсіңдер?

Тоғыз қабатты бұл үйде лифт те істемейді. Өйткені ғимараттың сметалық құжатын жасағанда, лифттің есептегіштерін енгізуді ұмытып кетіпті. Енді 6 есептегіш құралды кім сатып алатыны белгісіз.

-Мердігер компаниялар осы екі көпқабатты үйді мемлекеттік комиссияның қабылдап алғанын алға тартуда. Сондықтан оның ендігі тағдырына әкімдік жауап береді дейді. Ал әкімдіктегілер бір-біріне сілтейді. Осылайша, олар жағдайды нақты түсіндіріп беруден жалтарды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде