{metadescription}
0:000:00
Меккеден арнайы репортаж

Меккеден арнайы репортаж

Бүгін Меккеге аттанған мұсылмандар үшін үлкен Қажылық басталды. Таңертеңнен бері қажылар қасиетті Мина жазығына ағылып жатыр. Мұнда арнайы шатырлар тігілген. Бірақ заманауи ел үйренгендей салқындатқыш пен мамық төсек болмайды. Өйткені Алла алдында барлық пенде тең деген қағида Мекке мен Мединеде бұлжытпай орындалады.

-Міне бүгін барша мұсылман жамағаты үшін қасиетіне баға жетпес үлкен қажылық басталды. Таң намазынан соң Меккеден Мина жазығына аттанған елдің нөпірінен қала көшелерінде шақырымдық кептелістер болды. Мүмін мұсылмандардың көбісі сол себепті бұл жаққа жаяу жалпылап жеткен. Ал тауды бөктерлей тігілген ақшаңқан үйлерге қажылыққа келген бес миллионнан астам ел арнайы тізім бойынша жайғасты.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Меккеден Мединаға аттанған тарихи сапарында дәл осы Минаға тоқтап құлшылық қылып намаз оқыған. Сол себепті мұнда жеткен жанның дүниауи арманы жоқ. Қазақ жерінен алғаш келген жас қажының бірі Қасымда құлшылықтан бас көтерер емес мұнда.

Қасым Әшімов, қажы:  

-Мен өте қуаныштымын, толқынысымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Міне Мина жазығы, мұның да қадірі өте биік. Қазір жатпай құлшылық қылудамын.

Мина жазығының күллі мүмін мұсылман үшін тағы бір ауызбен айтып жеткізе алмас қадір қасиеті бар. Яки, ықылым заманда Жаратқаннан  құрбан шалу қажеттігі туралы бұйрық түскенде Ибраһим пайғамбар дәл осы төбеде ұлы Исмаилды құрбандыққа шалмақ болған. Алайда дінге беріктігі сонша, Алла жолында ұлын да құрбандыққа шалуға дайын Ибраһим пайғамбарға Жаратқан көктен тоқты түсірген дейді қасиетті кітапта. Сол себепті бұл сапардың жасқа да кәріге де маңызы зор.

Фатима Адаева, қажы:

-Жасым 83-те бірақ қажылықтан қалмаймын. Уақыты келген бойда шығып кетем. Өйткені Пайғамбарымыздың табаны тиген Алланың нұры түскен жерге әр жолы келгенде сөзбен жеткізе алмас сезімге бөленем. Үйге барсам ауырып қалам, осында келсем сырқатым түгел жоғалып кәнімгідей сауығып кетем.

Құлшылық қылуға жеткен бес миллионнан астам мұсылман бауырымыздың барлығы ақшаңқан үйде құлшылық жасап жатқан жоқ. Кейбірі күн астында тау басында жүр. Бүгін таңда басталған Минадағы құлшылық күн ұясына отырғанша тоқтаусыз жалғасады. Құран бағышталады, намаз оқылады, уағыз айтылады мұнда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.