Үкімет тағы бір мұнай өңдеу зауытын салудан бас тартты
Қазақстан қосымша мұнай өндейтін зауыт салынбайды! Есесіне, ескілері қайта жаңартылмақ. Бұл туралы бүгін Энергетика министрлігіне сілтеме келтіре бірнеше ақпарат агенттіктері хабарлап отыр.
Автор: Құралай Пионер
02.10.2014
Жаңарту алдымен Шымкенттегі өндіріс орнынан басталмақ екен. Бірден емес, десе де қаржыға байланысты кезең кезеңімен жұмыс жүргізіліп отыратын көрінеді. Сөйтіп, мұнайшылар есебі бойынша зауыттан жылына 10 млн. тоннаға дейін бензин шығаруға қауқарлы болады. Айта кетсек, бүгінде аталмыш кешен жылына 6 млн. тоннаға дейін жанармай шығарып келеді. Сондай-ақ, Энергетика министрлігі 2016 жылға дейін елдегі тағы екі зауытты модернизациялауды көздеп отыр. Шенділердің сөзінше, бұл елдегі бензин тапшылығына бірден бір себепші болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!