{metadescription}
0:000:00
Тоқаевты халықаралық форумға жұмсалатын қаржының көлемі шошытты

Тоқаевты халықаралық форумға жұмсалатын қаржының көлемі шошытты

Бюджеттің жарты миллион доллары Астанада тағы  форум өткізуге жұмсалмақ. Алайда, осы бірнеше күндік жиынға қазынадан қыруар қаржының кететінін естіген сенаторлар бүгін жағаларын ұстады.

500 мың доллар Сенат төрағасын да шошытып отыр. Себебі осыншама қыруар қаржыға Елордада Біріккен Ұлттар ұйымының  аясында «электронды Үкімет» жаһандық форумы өткізілмекші екен. Қасым-Жомарт Тоқаев бастаманы қолдағанымен, салық төлеушілердің ақшасын жөн-жосықсыз шаша беруге қарсылығын білдірді. Түрлі шаралар өткізіп шетелден қонақ шақыруды жақсы көретін Үкіметке бюджет қаржысын ысырып ете бермеуге кеңес берді. Десек те, Астанада 6-8 қыркүйек аралығында халықаралық форум өткізейік деп қиылып келген Инвестиция және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиевтің бетін қайтарған жоқ. Бірақ  келесіде, көп ақша жұмсалатын форумдардға әуес болмау керектігін айтты. Мұндай аста-төк шашылуды талай рет Елбасы да сынаған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев,  Сенат төрағасы:

-Халықаралық форумдарды өткізуге таңдаумен қарау керек! Өйткені, бұл – ең алдымен бюджет қаражаты, оны үнемдейік! Форумның өзектілігі дау туғызбайды әрине. Бірақ, оның тиімділігіне, бізге берер пайдасына да  қарау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде