{metadescription}
0:000:00
Оралда жас қызды өлтірді деп ұсталған  таксиші  кінәсін мойындаған жоқ

Оралда жас қызды өлтірді деп ұсталған таксиші кінәсін мойындаған жоқ

Оралда жас қызды өлтірді деп айыпталған такси жүргізушісін екі айға қамауға санкция берілді. Бекболат Хасанғалиевтің өзі кінәсін мойындаудан бас тартып отыр.

Бірақ прокурордың пайымымен келіскен сот куәгерлерді қорқытып немесе өзі қашып кетпеуі үшін оны уақытша қамау туралы шешім қабылдады. Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Полицияның мәліметінше, тамыздың 14-і күні Хасанғалиев марқұмды Серебряково ауылының жанынан  көлігіне мінгізген. Шамалы жер жүргеннен кейін жолаушыларының бірін түсіріп, өзенге қарай бет алған. Қызды зорламақ болғанда жәбірленуші қарсылық білдіріпті. Содан кейін таксиші Айдананы аямай соққыға жығып, суға тұншықтырып өлтірген. Бірақ тергеушілердің мәліметіне күдіктінің туыстары мен адвокаты келіспей отыр.

Нұржан Нұрмұқанов, адвокат:

–  Менің қорғауымдағы Хасанғалиев Бекболаттың кінәсі жоқ деп есептеймін. Оның алдында сотталғаны қазіргі жағдайға негіз бола алмайды. Бұрын сотты болған. Бірақ осы оқиғаға әсері болмайды деп есептеймін. Сондықтан екі айға санкциялауға толық дәлел жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.