{metadescription}
0:000:00
Ақсуда 4 студенттің өліміне кінәлі жүргізуші  жазасын қоныс колониясында өтейді

Ақсуда 4 студенттің өліміне кінәлі жүргізуші жазасын қоныс колониясында өтейді

Төрт студенттің өліміне себепкер болған ақсулық жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Теміржол бойындағы бағдаршамның қызыл түсін елемей, тепловозбен соқтығысқан Иосиф Гусев енді 10 жыл бойы қоныс колониясында жазасын өтемек. Бірақ айдын күннің аманында балаларынан айырылып қалған ата-аналар соттың бұл үкімімен келіспей отыр.

-Осыдан жарты жыл бұрын дәл мына темір жол торабында тепловоз бен шағын автобустың соқтығысуынан төрт студент көз жұмған болатын. Қайғылы жол апаты орын алған бұл жерде бүгінде әдеттегі көрініс жалғасуда. Тек қана бір өзгеріс бар. Бұл жерде ендігіде жол қозғалысын күні түні бақылайтын мынадай үйшік пайда болған.

Жарты жыл өтсе де қайғы жұтқан ата-ана балалары қаза болған сол күнді бір сәт те ұмытқан емес. Төрт студенттің өліміне себепкер болған автобустың жүргізушісіне қатысты сот үкімі шығатын осы күнді олар көптен күтті. Бәрі де жол ережесін өрескел бұзған адамның ауыр жазаға тартылуын бір ауыздан тілеп келген.  

Айгүл Біләлова, қаза болған студенттің анасы:

-Әнуар менің жалғыз ұлым болды. Менің болашағым еді. Ол кісі біздің балаларымызды өлтірді. Біздің өмірімізді де қиды.

Дулат Кәкіров, қаза болған студенттің әкесі

-Менде емес, жалғыз ұл кеткен. Тағы төрт ұл кетті. Бәрі отбасындағы жалғыз ұл еді.  Енді сол үшін біз тырысамыз.  Жүргізуші өмір бақи түрмеде отыруы керек.

Жол апатына кінәлі деп танылған ақсулық жүргізуші болса сот залына кіргеннен-ақ бетін жабумен болды. 45 жастағы  Иосиф Гусев он жылға дейін қоныс колониясында жазасын өтеуге кесіліп, қазалы шаңырақтарға шығынды өтеп беруге міндеттелді. 

Азамат Ғарифолла, Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі:

-Жалпы сот барысында 25 миллион теңгеге жуық моральдық және материалдық шығын талап етілді. Бүгін оның 16 миллионға жуығы төленсін деп шешілді. Заң бойынша қылмыскердің мерзімінен бұрын босап шығуға да хақы бар.

Дегенмен, жол өрежесін бұзып, бірнеше адамды опат қылған азамат үш жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Ал 18-19 жастарында қыршын кеткендердің жақындары болса бүгінгі сот үкімін қайта қарауға шағым түсірмекші. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде