{metadescription}
0:000:00
Павлодарда үш адамды қағып өлтірген «Ланд-Крузердің» иесі қамауға алынды

Павлодарда үш адамды қағып өлтірген «Ланд-Крузердің» иесі қамауға алынды

Астаналық Батыр Дүйсебаевтың көлігін кісі қаққан күні досы жүргізген болатын. Ал өзі қасында отырған. Сол кезде оқиға орнынан қашып кеткен олар кейін ұсталды. 

Жантүршігерлік жол апаты қыркүйектің аяғында Павлодардың орталығындағы көшелердің қиылысында болған еді. Араққа тойып алған джиптегілер бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай,  жаяу жүргіншілерді  қағып кеткен. Екеуі оқиға орнында қаза тауып үшіншісі ауруханада жан тапсырды. Осы жол апатына қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалды. Машинаны жүргізген Жамбыл Мұқантаев бұған дейін қамалған болатын. Бүгін сот осы павлодарлық жігітке көлігінің тізгінін берген машинаның иесін де қамауға санкция берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.